ADIDAS — CS PlayCMSOmni360DSP

- ЖАРЫС БАҒЫТЫОрналасқан жері бойынша таргетинг
- ЖАРЫС УАҚЫТЫЖарнаманы белгіленген уақытта іске қосу
- ЖЕДЕЛ ІСКЕ ҚОСУОқиғаға орайластырылған науқан
- БЮДЖЕТ ТИІМДІЛІГІТолық демеушілік пакетсіз-ақ ірі іс-шарада брендті таныту

Бағдарламалық DOOH · Алматы жартылай марафоны

Міндет
Дәстүрлі демеушілік пакетке сүйенбей, Алматы жартылай марафоны аясында брендтің айқын әрі тұтас көрінуін қамтамасыз ету және жүгірушілер мен спортсүйер қауымды дәл қажетті сәтте қамту.
Шешім
Adidas пен DASM Omni360 DSP арқылы оқиғаға орайластырылған pDOOH науқанын жедел іске қосты. Жарыс бағыты бойындағы цифрлық экрандар іс-шара кестесіне сай қосылды: науқан жартылай марафонға санаулы күн қалғанда басталып, жарыс күні үздіксіз жүрді. Бағдарламалық жарнама орналастыру медиабюджетті ең өзекті орындар мен уақыт аралықтарына шоғырландыруға мүмкіндік берді.
Нәтиже
Науқан adidas брендін іс-шараның ажырамас бөлігіне айналдырып, әдетте ірі серіктестерге тән көріну деңгейі мен қатысу ауқымын қамтамасыз етті. Бұл ретте медиабюджет дәстүрлі демеушілік пакетке қарағанда әлдеқайда тиімді жұмсалды.